«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Никольск ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Никольск ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Республикалық білім беру ұйымдары

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру комитеті ұстаздар тарапынан түрлі сұрақтардың туындауына байланысты «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына енгізілген өзгерістерді түсіндіру және 1-тоқсанның бағалау жұмыстарын жүргізу бойынша қосымшада берілген нұсқау хатты барлық білім беру ұйымдарындағы ұстаздардың, білім алушылардың назарына жеткізуді сұрайды.

 

«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына (бұдан әрі –
№ 125 бұйрық) 
енгізілген өзгерістерді түсіндіру және 1-тоқсандағы бағалау бойынша нұсқау хат

 

Жаңартылған орта білім мазмұны бойынша білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау жүргізудің тәртібі № 125 бұйрықтың 3-тарауында көрсетілген нормалар бойынша жүргізіледі. № 125 бұйрықтың 2-тарауы барлық сыныптардың  жаңартылған орта білім мазмұнына енуіне байланысты күшін жойды.

1-сыныпта тоқсандық және жылдық баға қойылмайды. Бірақ мұғалімдер ата-аналармен білім алушының жетістіктері бойынша кері байланысты жүргізуге міндетті.

Карантин, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде 2-11 (12)-сынып білім алушыларының оқу жетістіктері бір балдан 10 балға дейінгі балл қою арқылы формативті бағаланады. 

Тоқсанға баға қою кезінде формативті бағалау үшін орташа балл есепке алынады. Формативтік бағалау кезінде мұғалім сабақта кері байланысты жүзеге асырады. Педагог білім алушылардың санын, кері байланысты беру нысанын және жиілігін дербес анықтайды.

Формативті бағалау нәтижелері басып шығару мен одан әрі сақтауды талап етпейді.

Формативті бағалаудың нәтижелерін ұсыну білім алушылар орындаған жұмыстарда және/немесе педагогтің комментарийлері арқылы электрондық журналдарда жүзеге асырылады.

Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда тоқсанға бір БЖБ, тоқсанның соңында ТЖБ өткізіледі.

Ағымдағы жылғы білім алушылардың жиынтық жұмыстары мектепте сол оқу жылы аяқталғанға дейін сақталады. Қашықтан оқу жағдайында ТЖБ жұмыстарын электронды түрде сақтауға болады. «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығына сәйкес педагогтер құжаттарды қағаз немесе білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда электронды түрде толтырады.

Тоқсандық баға формативті бағалау, БЖБ және ТЖБ  қорытындысының негізінде 50%-да 50% пайыздық арақатынаста қойылады. Яғни, формативті бағалау мен БЖБ – 50 %, ал ТЖБ – 50 %.

Төтенше жағдай енгізілген, белгілі бір аумақта әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда тоқсандық баға формативті бағалауды, бір БЖБ мен ТЖБ нәтижелерін ескеріп қойылады. 

Аптасына 1 сағат оқу жүктемесі кезінде жартыжылдыққа баға формативті бағалау және БЖБ нәтижесі бойынша қойылады (төтенше жағдайлар кезінде және штаттық режим кезінде де).

         Егер оқушы үйде немесе уақытша білім беру ұйымынан тыс жерде оқитын болса, жеке бағдарлама бойынша сабақ жүргізетін педагог білім алушының оқу жүктемесін және оның оқыған оқу материалын ескере отырып, формативті, жиынтық бағалаудың сараланған және/немесе жеке тапсырмаларын дербес әзірлейді және бағалау жүргізеді. Қорытындысы білім алушы тіркелген сыныптың қағаз немесе электрондық сынып журналына қойылады.

ТЖБ тапсырмаларын дайындау кезінде пәндер бойынша спецификацияға сүйену керек, себебі балл көрсетіліп берілген. Мұғалім ТЖБ тапсырмаларын өткен материал негізінде өз бетінше құрастырады.

Қашықтан оқыту кезінде тілдік пәндер бойынша ТЖБ жүргізу ҚР Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 8 сәуірдегі № 135 бұйрығының 29-тармағы бойынша жүзеге асырылады. Аталған бұйрықтың 2-қосымшасының 29-тармағы бойынша «тілдік пәндер бойынша тоқсандық жиынтық бағалауда айтылым және тыңдалым дағдыларын тексеруді талап ететін оқыту мақсаттары кірмейді. Бұл ретте жазу және оқу дағдылары үшін ең жоғары балл 15 баллды құрайды. Яғни, жазылым мен оқылым дағдыларын бағалау бойынша балдарды бөлуді мұғалім өзі реттейді. ТЖБ тапсырмаларын 15 балға әзірлеу ұсынылады». ТЖБ үшін балл қою кезінде мұғалім электрондық журналда ең жоғары балды өзі белгілейді, ал жүйе пайыздық қатынаста қорытынды бағаны берілген ең жоғары балл негізінде есептейді. Сондықтан, егер, сынып келіп оқитын (кезекші сыныптарда) балалар тобына және қашықтан білім алушыларға бөлінсе, бұл жағдайда бір сыныпқа толық, бірыңғай максималды балл негізіндегі тапсырмалар дайындау ұсынылады.

Тілдік пәндер бойынша толық штаттық режимде оқитын мектептерде № 125 бұйрықтың 18-тармағын негізге алу ұсынылады. Бұл жағдайда тілдік пәндер бойынша жиынтық бағалау сөйлеу әрекетінің төрт түрі (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бойынша жүргізіледі. Тыңдалым және айтылым дағдыларын тексеру жиынтық бағалауды өткізу жоспарланған апта бойы сабақтарда өткізіледі.

Бастауыш сыныптарда ТЖБ балдары Әдістемелік нұсқау хатқа және жиынтық бағалаудың спецификациясына сәйкес 2-сыныптарда – 14 балл, 3-сыныптарда – 16 балл, 4-сыныптарда – 18 балды құрайды. Бастауыш сыныптарда тілдік пәндер бойынша ТЖБ өткізу кезінде тыңдалым және айтылым дағдыларын тексеруді талап ететін оқу мақсаттары алынып тасталады.

Педагог үшін келесі ақпаратты білу маңызды:

1.      Педагог білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін еркін таңдай алады және өзі әзірлей алады.

2.      Жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог өзі дайындайды.

3.        Жиынтық бағалауды өткізуге кез келген жұмыс түрін құрал ретінде алуға болады (диктант, бақылау, жоба, эссе, тест және т.б).

Жаңартылған күні: 26.11.2020 12:14
Құрылған күні: 26.11.2020 12:14

Текст