«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Никольск ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Никольск ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Гүлмира Бекназарова: «Біз тарихи сенсацияның алдында тұрмыз»

03.11.2020

Ақмола облысының мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы тарихи-мәдени мұраны сақтау мақсатында Қазақ хандығының негізін қалаушы Жәнібек ханның кесенесін қайта қалпына келтіруді көздейді, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгінде облыстағы мұражайлар ғылыми-зерттеу орталықтарына айналғаны сөзсіз. Олардың жұмысқа деген заманауи көзқарасы дәстүрлі академиялық іс-әрекеттер шеңберінен шығады.

2018 жылы облыстық музей алған археологиялық қазбаларды жүргізуге лицензияның арқасында, Қорғалжын аймағындағы, болжам бойынша, Жәнібек ханның ортағасырлық кесенесінің қирандыларын ғылыми-зерттеу жұмыстары аяқталғалы жатыр. Бұл жоба 2019 жылы облыс әкімінің қолдауын және қаржылай қолдау тапқан еді.

Жалпы, кесенені зерттеу 2 кезеңмен жүрді. Жәнібек-Шалқар кесенесінің қирандыларынан табылған заттарды жан-жақты зерттегеннен кейін ғалымдар осында хан әулетінің өкілдері жерленген деген қорытындыға келген.

«Табылған барлық қалдықтар Нұр-Сұлтандағы Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне өткізіліп, содан кейін Ресейдегі антропологиялық көріністі анықтау үшін Жапонияға генетикалық сынақтарды алуға жіберілді. Бірақ біз қазірдің өзінде тарихи сенсацияның алдында тұрмыз деп үміттенеміз», - дейді облыстық мәдениет, архивтер мен құжаттамалар басқармасы басшысының м.а. Г.Бекназарова.

Айта кетейік, облыстағы 11 мұражай өз жобаларын іске асыруды тоқтатқан жоқ. Ағымдағы кезеңде 1 595 экскурсия, 439 лекция, 238 көрме ұйымдастырылып, 936 мұражай заттары алынып, өңделген.

Просмотров: 216


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст