«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Никольск ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Ақмола облысы білім басқармасының  Бұланды ауданы білім бөлімі Никольск ауылының № 2 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Әлеуметтік желілер

сенім телефоны

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХ Съезі өтті

26.11.2020

Қазақстанның Тұңғыш Президенті мерейтойлық съезде сөйлеген сөзінде «Nur Otan» партиясы еліміздегі ең басты саяси күш екенін атап өтті.

Партия Төрағасы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктеріне тоқталды.

«30 жыл ішінде Қазақстан айтарлықтай әлеуметтік және экономикалық жетістіктерге жетті. Бұған, ең алдымен, нарықтық экономикаға көшудің және елді жаңғыртуға бағытталған түбегейлі реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткіздік. Нарықтық реформалар, индустрияландыру және шетелден келген инвестиция өнімділікті арттыруға қозғаушы күш болды. Сондай-ақ, экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қоғамның әлеуметтік бөлінісін азайтуға мүмкіндік берді»- деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдарында этникалық әртүрлілікті артықшылыққа айналдырып, өзінің ұлттық бірегей стандартын қалыптастырғанын атап өтті. Осы үдерістегі негізгі рөл, Елбасы атап өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясына жүктелген.

«Экономикалық өсім жоғары болған кезеңде құрылған Ұлттық қор қаржы саласындағы «қауіпсіздік қалқанымызға» айналды. Біз 1400 жаңа аурухана мен емхана, 1800 мектеп және 900 балабақша салу арқылы әлеуметтік инфрақұрылымды жаңарттық. «Қазақстан – 2050» стратегиясы аясында Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің стандарттарын басшылыққа алып отыр»деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Елбасы «Nur Otan» партиясының пандемия кезіндегі жұмысына, сондай-ақ партияны қайта жаңғырту үдерісіне тоқталды. 

Просмотров: 231


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст